ӨМІРБАЯН
Мен, Курманбаев Мусирали Сейдалиевич, Қазақстан Республикасының азаматы, 1983 жылы 10 наурызда Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында дүниеге келдім. Әкем инженер, анам ұлағатты ұстаз, қазіргі таңда зейнеткер отбасында дүниеге келдім. Ұлтым - қазақ.
1988 - 1999 жылдар аралығында Қызылорда қаласы, № 1 май атындағы қазақ орта мектептің 1 сыныбына барып, осы мектепте 11 сыныпты бітірдім. Мектепте оқып жүрген кезінде әр түрлі қоғамдық жұмыстарға белсене қатыстым. Білім ошағын тамамдағаннан кейін мақсатым дәрігер болу еді, 1999 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемелекеттік Медицина Академиясына «Емдеу ісі» факультетіне оқуға түстім. Студент кезімнен білім мен тәжірибиені ұштастыру мақсатында ІІІ –ші курстан кейін «Жедел жәрдем ауруханасында» орта буын қызметкері болып жұмыс атқардым.
2006-2007 жылдар аралығында өзімнің туған жерім Қызылорда қаласына келіп «Облыстық медицина орталығында» интернатурамды өтіп, сонымен қатар №2 қалалық емханада аймақтық терапевт дәрігер және тәжірибиелік дағдыларымды арттырып жетілдіру мақсатында қосымша «Жедел жәрдем станциясына» дәрігер-терапевт болып жұмысқа тұрып қызмет атқардым.
Жас болсамда үнемі ізденіс үстінде жүремін, білімімді жетілдіріп отырамын. Қарағанды қаласындағы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Қаржы» және «Қаржылық менеджмент» экономика және бизнес БАКАЛАВР мамандығын игеріп екінші дипломымды қолға алдым.
2008 жылы біліктілігімді жетілдіру мақсатында Павлодар қаласында қайта даярлықтан өтіп «Дәрігер нарколог» мамандықты игеріп, Қызылорда қаласының «Облыстық наркология орталығына» дәрігер-нарколог болып қызметке тұрдым. Қазіргі таңда да қосымша жұмыс ретінде осы салада абыроймен қызмет атқарып келемін.
2011 жылы біліктілігімді жетілдіру мақсатында Алматы қаласында қайта даярлықтан өтіп «Дәрігер гастроэнтеролог» мамандықты игеріп, 2012-2022 жылдары Қызылорда қаласының «Қалалық ауруханасына», «№4 қалалық емхана» дәрігер-гастроэнтеролог болып жұмыс атқардым.
2013 жылы әлеуметтік салаға қарай ойысып, «№2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына» қызметке тұрдым. Аз ғана уақыт ішінде әлеуметтік саладағы өзімнің мол тәжірибиемен, әріптестерімнің, жеке қасиеттерімнің арқасында, «Емдеу ісі» жөніндегі орынбасары ретінде қызмет атқардым. Жалпы осы орталықта 346 қызметкер жұмыс жасауда, оның ішінде 237 медицина қызметкері және 380 ауыр психикалық ауытқуы бар науқастар.
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына сәйкес, 2019 жылы Алматы қаласында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша қайта даярлықтан өттім.
2024 жылдың мамыр айынан бастап «Жалағаш аудандық ауруханасы» бас дәрігердің пациентті қолдау және ішкі аудит жұмыстары жөніндегі орынбасары болып қызметіне ауыстым.
«Адам өз өміріне екі нәрсені таңдауда қателеспеу керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М.Мақатаев атамыз айтқандай, 2008 жылы отбасын құрдым. Ақтөбе қаласында М.Оспанов атындағы Мемлекеттік Медицина Академиясында қатар оқыдық. Өмірлік жарым Изенова Айнур Казбековна дәрігер-педиатр. Қазіргі таңда өз саласы бойынша Қызылорда қаласында абыроймен қызметін атқаруда. Өмірдегі келеңсіздіктер мен қиындықтарға бірге төтеп беріп келеміз. Бір ұл мен қыз тәрбиелеудеміз Құрманбаев Санжар Мүсірәліұлы, Курманбаева Айнара Мусиралиевна. Ұлымыздың есімін атасы қойған, екеуімізде дәрігер болғасын жолымызды қуып, Санжар Асфендияров атамыз сияқты көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері болсын деп. Қазіргі таңда ұлымыз Қызылорда қаласындағы Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінде 10 сыныпта білім алуда, қызымыз балабақшада.
Философ Аристотель айтқандай, «Өмірдің мәні не? Айналаңа қызмет етіп, көмек көрсету» делінген. 2020-2021 жылдар аралығында Бүкіл Дүниежүзілік COVID-19 індеті кезінде күн - түн демей өз үлесімді қосып, абыройменен атқарып шықтым. Осы философ айтқандай әлеуметтік отбасы төмен жанұяларға және осы орталыққа отбасымызбен бірге қызмет жасап, қолымыздан келгенше қол ұшымызды беріп көмек көрсетіп отырамыз.
Август дәуірінің көрнекті ақыны Гораций, «Өмір еңбексіз ештеңе бермейді» - деп атап өткендей, осы саладағы зор еңбегім үшін марапаттармен марапатталдым.
- ҚР Денсаулық сақтау министірлігі «Құрмет грамотасы»;
- Қызылорда облысының әкімі «Құрмет грамотасы»;
- Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысынан – Алғыс хат;
- Облыстық денсаулық сақтау басқармасы «Құрмет грамотасы»;
- Медаль «Гиппократ»
Мекен - жайым: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ж.Кизатов көшесі № 42 үй, байланыс телефоны: +7 708 -702 -77 -11